Ғарышкер Армстронгтың Айда пайдаланған 20-ға жуық заты табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нил Армстронгтың жесірі Кэрол Армстронг Цинциннатиде (Огайо штаты) үйіндегі шкафтан ғарышкер "Аполлон-11" ғарыш кемесінің экипажында Айға ұшқанда пайдаланған 20-ға жуық зат - камера, апаттық кілт, шлемнің бауын, арқан мен карабин және өзге де артефакттарды тауып алды.

Ғарышкер Армстронгтың Айда пайдаланған 20-ға жуық заты табылды

Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.

Олардың құндылығы сол - әуелі Айға алғаш аяқ басқан адам баласына тиесілі және Айдан оралған зат болғандығында.

Жаңа заттардың коллекциясы қазір АҚШ-та Смитсонов институтының авиация және космонавтика Ұлттық мұражайына қойылды.

Армстронг - 1969 жылы Айда болған алғашқы адам. Астронавт 2012 жылы 82 жасында қаза тапты.