Ғарышкер Айдын Айымбетов әсерлі табиғи көріністі бейнеге жазып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазғарыштың бірінші ғарышкері дәрежесіне ие болған Айдын Айымбетов әсерлі табиғи көрініс - Таяу Шығыстағы шаңды дауылды бейнетаспаға жазып алған.

Ғарышкер Айдын Айымбетов әсерлі табиғи көріністі бейнеге жазып алды

«Шаңды дауыл Песчаная буря Dust Storm», - деп жазды Твиттер-аккаунтында Айдын Айымбетов.

«Жердің үстінен секундына 7,66 шақырым жылдамдықпен ұшып өтемін. Бұл тіпті оқтан да 10 есе тез дегенді білдіреді. Ұшу биіктігі - 402 шақырым», - деп өз ойымен бөлісті қазақстандық ғарышкер твиттерде.