Ғарышкер әйел күйеуіне орбитадан телефон соғып тұруға уәде берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХҒС-ға ұшқалы отырған ресейлік ғарышкер әйел орбитадан күйеуі - ғарышкер Марк Серов пен қызы Еленаға хабарласып отыруға уәде берді, деп жазады «Жаңалықтар» РАА-ның Байқоңырдағы тілшісі.
«Менің қызым 17-де. Біз онымен ұшар алдында егер бір-бірімізді сағынған жағдайда қалай хабарласатынымызды анықтап алдық. Қазір сол мәселе емес. ХҒС барлық заманауи байланыс түрлері - ІР-телефон, е-мail-мен қамтамасыз етілген. Үйге хабарласып отырамын. Ленамен бірге менің жолдасым және менің анам қалды, сондықтан ол қатты уайымдамауы керек», - деді Елена Серова.