Ғарышкер елші болды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Чехияның Ресейдегі жаңа елшісі болып Чехословакияның бірінші ғарышкері Владимир Ремек тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Чехия президентінің баспасөз хатшысы Гана Бурианова хабарлады. «Республика президенті Милош Земан сейсенбі күні Чехияның Ресей Федерациясындағы елшісі Владимир Ремекке сенім грамотасын тапсырды», - деді ол.

Владимир Ремек бірінші ұшқыш-ғарышкер ретінде танымал. Ол Кеңес Одағының Батыры, Чехия мен Моравия Коммунистік партиясының атынан еуродепутаты болып сайланған.

Соңғы жаңалықтар