Ғарышкерлер Қазақстанға қонады деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Росавиация авиациялық іздеу және құтқару қызметі Халықаралық ғарыш стансасында жұмысын аяқтайтын халықаралық экипажды күтіп алады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ғарышкерлер Қазақстанға қонады деп күтілуде

«Аппарат дүйсенбі, 10 сәуірде жергілікті уақыт 17.21-де қонады деп күтілуде. Экипажды Қарағанды әуежайында 21.00-ден кейін күтіп алады», - деп хабарлады Росавиация авиациялық іздеу және құтқару қызметі Бірыңғай жүйесінің Байқоңыр филиалының бастығы Сергей Семченко.
null

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Союз-МС-02» басқарылатын капсуласы экипажының қонуын жерүсті құтқару қызметінің 200-ден астам мамандары қамтамасыз етеді.

Ұзақ ғарыш экспедициясынан кейін жерге Ресей ғарышкерлері кеме командирі Сергей Рыжиков, бортинженер Андрей Борисенко, сондай-ақ NASA астронавты Роберт Шейн Кимброу оралады.