Ғарышкерлер Жаңа жылды 15 рет қарсы алады

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш айлағының экипажы Жаңа жылды 15 рет қарсы алады, деп хабарлайды Утро.ру.

Ғарышкерлер Жаңа жылды 15 рет қарсы алады

Жаңа жылды айлақ алғаш рет 31 желтоқсанда (ескерту: Астана уақытымен 18:50-де) Жаңа Зеландия үстімен ұшып бара жатып атап өтсе, соңғы мәрте 1 қаңтар күні (ескерту: Астана уақытымен 16:29-да)  Австралиядан шығысқа қарай Тынық мұхиттың үстінен ұшып бара жатып тойлайды.

Қазіргі таңда Халықаралық ғарыш айлағында ресейліктер Олег Новицкий, Евгений Тарелкин, Роман Романенко, НАСА астронавттары Кевин Форд пен Томас Машберн және канадалық Крис Хадфилд жұмыс істеуде.