Ғарышкерлерді күтіп алу үшін РФ әскери авиациясы Қазақстанға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Союз ТМА-20М" басқарылатын көліктік кемесіндегі халықаралық экипажды күтіп алу үшін РФ Орталық әскери округінің Көлік авиациясы Қазақстанға іздеу және құтқару құралдарын жібереді.

Ғарышкерлерді күтіп алу үшін РФ әскери авиациясы Қазақстанға жіберілді

 Бұл туралы округ баспасөз қызметі хабарлады.

«Союз» қонуында іздестіру-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз ету жұмыстарына 150 әскери қызметкер, арнайы жабдықталған 12 Ми-8 тікұшақтары, 3 Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және өтімділігі жоғары 6 іздестіру-көшіру машиналарын қосқанда, 18 дана автотехника қатысады», - делінген хабарламада.

"Союз ТМА-20М" ғарыш кемесі аппаратының қонуы 2016 жылдың 7 қыркүйегіне, Мәскеу уақытымен 04:15-ке жоспарланған. Ұзаққа созылған экспедиция экипажының құрамында ғарышкерлер Алексей Овчинин, Олег Скрипочка және NASA астронавты Джеффри Уилльямс бар, деп хабарлайды ТАСС.