Ғарыштағы спутник Ирандағы зымыранның жарылысын түсіріп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иран ғарыш айлағының старттық алаңында спутниктің ұшырылымын іске асыруы тиіс болған зымыран жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Ғарыштағы спутник Ирандағы зымыранның жарылысын түсіріп алды

«Төтенше жағдай Иранның Семнан провинциясындағы Имам Хомейнидің ғарыш орталығында болды. Иран билігі оқиға жөнінде әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ», - делінген хабарламада.

Басылым старттық алаңның төбесінен төнген қара түтін мен зымыранның өртенген қалдықтары көрінген спутниктік суреттерді жариялады. Оқиға орын алмас бұрын старттық алаң спутниктік суреттерде көк түспен көрінген.

Авторы Сара Қабикызы