Ғарыштан қателесіп телефон соққан Тим Пик кешірім сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарышкер Тим Пик ғарыш стансасынан нөмірді қате теріп, Жерге хабарласқанда тұтқаны көтерген әйел адамнан Твиттердегі жеке парақшасы арқылы кешірім сұрады, деп хабарлады «ВВС».
Ол тұтқаны көтерген әйелден сәлемдесудің орнына: «Алло, бұл Жер ғаламшары ма?» деп сұраған.
Пик Твиттердегі жазбасында ешкіммен әзілдескісі келмегенін айтқан.