Ғасыр соңына дейін Жер бетіндегі тілдердің жартысы жойылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО сарапшылары жүргізген зерттеу әлемдегі 7 мың тілдің 2 мыңы осы ғасырдың соңына дейін жойылуы мүмкіндігін көрсетті.
Бұл туралы 24.kz жазады.
Бұған себеп көптеген тілдерде бар болғаны 1 мыңға жуық адам сөйлейтіндігінде болып отырған көрінеді.
Сахара шөлінен оңға қарай орналасқан Африка, Австралия, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде ХХІ ғасырдың соңында бірқатар тілдер жойылады. Ғаламшардағы халықтың басым бөлігі қытай тілінде сөйлейді, деп жазады planet-today.ru.