10:19, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Ғасырдың соңына қарай Каспий теңізінде судың деңгейі 6 метрге төмендейді - Дүниежүзілік банк сарапшылары
ВАШИНГТОН. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Дүниежүзілік банктің сарапшылары, климаттың өзгеруінің салдары Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне күткендегіден қаттырақ әсер етеді деп санайды.
«Кеңес өкіметі кезеңінде қоршаған ортаны қорғаудың дұрыс ұйымдастырылмауы мен нашар инфрақұрылымның салдарынан аймақ жаңа климаттық жағдайға жеткілікті бейімделмей отыр»,- деп атап көрсетілген Дүниежүзілік банктің баспасөз баянында. Соңғы жылдары экстремалды табиғи құбылыстар - құрғақшылық, су тасқындары, орман өрттері жиілеп кетті. Аймақтың оңтүстігінде орташа температура Цельсий бағамы бойынша жарты градусқа көтерілсе, солтүстікте ? 1,5 -2,6 градусқа дейін көтерілді. Алдағы 20-40 жылдың ішінде солтүстік ендікте қыстың аязды күндері температура -14-30 градусқа қысқарады да, оңтүстікте ыстық күндер 22-37 градусқа артады. Температураның көтерілуі мұздықтардың еруіне де әсер етуде. Оңтүстік-шығыс Еуропа мен Орталық Азия су ресурстарының мұқтаждығын тартады. ХХІ ғасырдың соңына қарай Каспий теңізіндегі су деңгейі 6 метрге дейін төмендеуі мүмкін, дейді сарапшылар.