Гавана мен Нью-Йорк арасында тікелей әуе рейсі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавана мен Нью-Йорк арасында осыдан оншақты жылдар бұрын үзілген тікелей әуе рейсі қайта ашылды, деп хабарлайды Cuban Travel Services туристік агенттігі.
Сейсенбі күні Гаванадан Нью-Йоркке алғашқы рейспен он жолаушы шықты. Бұл рейске арналған ұшақ кубалық астанаға Майамиден келді, деп нақтылады Negocios.com порталы.
Ал АҚШ-тан кері қайтар рейс сол күні кешке Гаванаға оралады. Ұшу чартерлік негізде аптасына бір рет жүзеге асырылады.