Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гаванада миллионға жуық адам Фидель Кастроны еске алу акциясына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаванада жергілікті уақытпен сейсенбі күні кешке (03:00 мск) Куба революциясының көсемі Фидель Кастроны еске алуға арналған қаралы митинг басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Гаванада миллионға жуық адам Фидель Кастроны еске алу акциясына  қатысты

Қауіпсіздік қызметі мамандарының болжамынша, акцияға миллионға жуық адам қатысты. Іс-шараға елдің Мемлекеттік кеңесі мен  Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро басшылық етті.

Митинг халықтың Фидель Кастромен қоштасу орнына айналған Революция алаңындағы Хосе Марти ескерткішінің алдында өтті. Кубаның тарихи көшбасшысын құрметтеп еске алуға шетелден 50-ден астам делегация келді.

Алаңда ойнатылған мемлекеттік әнұраннан кейін Фульхенсио Батиста диктаторын тақтан тайдырған Фидель Кастро мен Көтерілісші әскерге арналған өлең жолдары оқылды. Митинг өтіп жатқан жерден тікелей көрсетілімді Куба мемлекеттік телеарнасы жүргізді. 

null null