11:32, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
Гавай аралдарында Марста тіршілік кешудің эксперименті басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА командасы Гавай аралдарында Марсқа ұшқанға ұқсас жағдай туғызып, аман қалудың, тіршілік кешудің ғылыми тәжірибесін өткізуге кірісті.

Алты адамнан тұратын команда Мауна-Лоа жанартауы баурайындағы арнайы кешенде сыртқы әлемнен толық оқшауланып бір жыл өмір сүреді. Тәжірибеге қатысушылар осы уақытта таза ауасыз, жаңадан әзірленген тағамсыз оқшауланған арнайы куполдың астына орналастырылған үй-жайда өмір сүреді.
Тәжірибе талаптарына сәйкес команда мүшелері далаға тек скафандрларда ғана шығады.
Тәжірибелік команда құрамында - француз астробиологы, неміс физигі мен төрт америкалық - ұшқыш, сәулетші, дәрігер және топырақ зерттеуші бар, деп хабарлады Би-би-си.