05:09, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Гавай аралдарында туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Кауаи аралында (Гавайи штаты) дүйсенбі күні бір моторлы ұшақ апатқа ұшырады деп хабарлады, ТАСС.

KITV Island телеарнасының хабарлауынша, ұшақ бортындағы 5 адамның барлығы қаза тапты. Телеарнаның ақпаратында ұшақта пилоттан бөлек, парашютпек секіру үшін шыққан екі турист және екі инструктор болғаны айтылды. Оқиға Порт-Аллен әуежайынан ұшып шыққанда болған. 4 адам апат орнында мерт болса, 1 адам ауруханада көз жұмды.