Гавай аралдарындағы жанартау Пахоа ауылына жақындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавай аралдарында оянған жанартау Пахоа ауылына қарай жақындап қалды, деп жазады khabar.kz.

Гавай аралдарындағы жанартау Пахоа ауылына жақындады

Жанартаудың күл мен от араласқан көшкіні бір апта бойы жылжып келеді. Мамандардың айтуынша, көшкіннің температурасы Фаренгейт шкаласы бойынша 2 мың 100 градусқа барады.

Жергілікті билік қауіп төніп тұрған 50-ден астам тұрғын үйді көшіру туралы шешім қабылдады.

Жалпы бұл жанартау 1983 жылдан бері жиі-жиі бой көрсетіп қояды.