Гавай аралында акула шабуылынан әйел адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавай аралында акуланың шабуылынан егде жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Гавай аралында акула шабуылынан әйел адам қаза тапты

Оқиға Мауи аралында болған. Акула тістерінің ізі қалған 65 жастағы әйелдің мәйіті аралдың оңтүстік-батысынан табылды.

2013 жылдан бері Гавай аралында бұндай қайғылы оқиға болмаған.

Шабуыл жасалған ауданда шомылуға уақытша тыйым салынды.

Айта кетейік, Мауи аралы белгілі туристік демалыс орны болып есептеледі.