Гавайидегі Килауэа жанартауынан қайтадан рекордтық деңгейде лава фонтандары атқылайды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Геологиялық қызметі Гавайидегі Килауэа жанартауының кейінгі атқылауында рекордтық лава субұрқақтары тіркелгенін хабарлады. Ол 2024 жылдың соңынан бері тұрақты аралықпен қайталанып жатыр, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

Гавайидегі Килауэа жанартауынан қайтадан рекордтық деңгейде лава фонтандары атқылайды
Фото: видеодан алынған скрин

Гавайидегі Килауэа жанартауы өзінің негізгі кратері Халемаумаудан жаңа лава субұрқақтарын шашып жатыр. 

Кейінгі эпизод жұма күні кешке басталды және желтоқсаннан бері 35-ші рет атқылады. Ғалымдар бұл эпизодтарды бір жолғы атқылаудың бөлігі деп санайды. Өйткені магма бір жолмен жер бетіне көтеріледі. 

Килауэа шыңындағы кратердің оңтүстік саңылауынан шыққан субұрқақтар шамамен 500 метр биіктікке көтерілді. АҚШ геологиялық қызметі субұрқақтар үстіндегі газ шлейфі 5 000 метрден астам биіктікке дейін созылатынын атап өтті. 

Килауэа – жердегі Гаваий вулкандарының ең жасы және жердегі ең белсенді жанартаулардың бірі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Килауэа жанартауының қайтадан оянғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар