Гавайяда әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылады
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Гавай аралдарында әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылады. Калифорниялық және канадалық жетекші университеттердің консорциумы телескоп құрылысы үшін сөнген Мауне-Кеа жанартауының төбесін таңдап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап.
Айнасының диаметрі 30 метрді құрайтын телескоп атрономдарға Жерден 13 миллиард жарық/жыл қашықтықта орналасқан нысандарды, оның ішінде бастапқы галактикалар мен жұздыздардың қалыптасуын бақылауға мүмкіндік береді. Телескоп құрылысының құны 1 миллиард 200 миллион долларды құрайды.