Газ баллонының жарылуынан зардап шеккен жігіт өмірден өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына қарасты Солтүстік-Батыс елді мекенінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен Даниил Ефремов өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, жігіт бүгін таңға жақын қайтыс болды. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күресіп, қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бірақ, терінің мұндай зақымдануы кезінде бірдеңе жасай қою өте қиын», - деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

Ал зардап шеккен бойжеткеннің жағдайы ауыр болғанымен тұрақты деп бағалануда.

«Ол күйікке қарсы төсекте, реанимацияда жатыр. Қажетті көмектің барлығы көрсетілуде. Ол есін біледі, өзі тыныс алып жатыр», - деді басқармадағылар.

Айта кетейік, 19 ақпан күні сағат 17-00-де Қарағанды облысының Шахтинск қаласы Солтүстік-Батыс елді мекенінің Загаражной көшесі бойындағы №3 екіпәтерлі үйде газ баллоны жарылған болатын. Жарылыс салдарынан жігіт пен бойжеткен зардап шегіп, аурухана жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар
telegram