08:18, 22 Қараша 2015 | GMT +5
Газ экспортерлері елдері форумының бас хатшысы қызметіне ирандық Адели қайта сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Газ экспортерлері елдері форумының бас хатшысы қызметіне ирандық Сейед Мохаммад Хуссейн Адели қайта сайланды, ол бұл лауазымды 2014 жылғы 1 қаңтардан бері атқарып келе жатқан болатын, деп хабарлады Vesti.ru.

Форум 2001 жылы құрылды, ал 2008 жылдан бастап толыққанды халықаралық ұйым мәртебесіне ие болды. Мүше-елдер арасында 15 газ жеткізуші мемлекет бар (Ресей, Алжир, Боливия, Венесуэла, Египет, Иран, Катар, Ливия, Нигерия, БАӘ, Тринидад және Тобаго, Экваториялық Гвинея) және алты байқаушы ел (Оман, Нидерланды, Перу, Норвегия, Қазақстан және Ирак) бар. Ұйым кеңсесі Дохада орналасқан.