08:48, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Газ иісінен екі бала уланып, көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы Қолашы ауылында пештен шыққан ақау салдарынан 13 жасар бала уланып, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды. Сондай-ақ, 50 жастағы әйел адам мен 19 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құлан аулында да жекеменшік тұрғын үйде пештен ақау шығып, нәтижесінде 14 жастағы екі бала зардап шекті. Баланың біреуі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға жатқызылды.