Газ шашып, елді дүрліктірген студент ұсталды - БҚО
ОРАЛ. 7 қараша. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, 6 қараша күні түнгі сағат 1-де М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханасында тұрғындар белгісіз газбен уланған болатын.
Аталмыш жатақханадан 400 адам көшіріліп, облыстық ауруханаға 36-сы жеткізілсе, соның 11-і жатқызылған еді.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жедел іздестіру шаралары барысында аталмыш оқу орнының 2 курс студенті ұсталды. Ол бұзақылық оймен «перцовый» деп аталатын газ баллонын шашқан.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 257-бабы 3-бөліміне сәйкес (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.