Газ тасымалдаушы компанияның Атыраудағы филиалы 3,2 млн теңге айыппұл төледі

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалы 3,2 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі тұтынушыдан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалына қатысты шағым түскен. Шағымданушылар филиалдың газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруден бас тартқанын көрсеткен.

«Осыған байланысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындады. Тексеру нәтижесімен 2021 жылғы 9 желтоқсанда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тұтынушыларға газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру арқылы табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалы аталған нұсқаманы заңнамада белгіленген мерзімде орындамады. Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірді. Жоғарғы Соты 2023 жылғы 23 ақпанда Атырау облысының амандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 11 наурыздағы шешімін және Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 21 маусымдағы қаулысын өзгеріссіз, ал «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыруға қаулы шығарды», -деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Тұтынушыларға газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар берілді.

Сондай-ақ, соттың 2023 жылғы 24 наурыздағы қаулысымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалына 3 млн 267 мың 040 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толықтай төленді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрынАтырауда жұмысшы құқығын бұзған 21 кәсіпорын 4 млн теңге айыппұл төлегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар