Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілері бекітілді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылғы 29 ақпан мен 2012 жылғы 15 наурыздағы бірлескен бұйрығымен газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілерін бекітілді.

Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілері бекітілді

***

Бірлескен бұйрық

Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес бұйырамыз:
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының ұсынылған үлгілері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті (Т.А.Момышев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік етуші Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                                 Қазақстан Республикасының 
Мұнай және газ министрі                                                       Экономикалық даму және сауда министрі
С.МЫҢБАЕВ                                                                             Б.САҒЫНТАЕВ
                                                                                           
15 наурыз 2012 жыл

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің
29 ақпандағы 2012 жылғы №40
және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігінің
15 наурыздағы 2012 жылғы №72  бірлескен бұйрықтарымен бекітілген
Нысан

Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағы

Тексеруді тағайындайтын мемлекеттік орган ______________________
_________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт___________________________________
(№, мерзімі)
Кәсіпкерлік субъектісінің атауы______________________________________
СТН (БСН, ЖСН)
Тұрған жерінің мекенжайы__________________________________________

№ р/т    Талаптар    Көрсетілген талаптарға сәйкес келеді (+)    Талаптарға сәйкес келмейді
(-)
Өндіруші
1.    Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсынысты белгіленген мерзімдердің сақталуымен жіберу
2.    Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныстың жіберілуі
3.    Ішкі нарықтағы тауар немесе сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгіленген тәртіпте бекітілген деңгейінсақтау
4.    Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу кестесінорындау
5.    Тауар немесе сұйытылған мұнай газын өндіру мен сату жөнінде мәліметтер беру
6.    Есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болуы
Газ желілі ұйым
1.    Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгіленген тәртіпте бекітілген деңгейінсақтау
2.    Тиісті шарттың негізінде сұйытылған мұнай газын бөлшек сату
3.    Бірдей газ толтырушы стансалар мен (немесе) жиынтық сұйық қойма қондырғыларының бір уақытта пайдаланылуы
4.    Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу кестесін орындау
5.    Апаттық-диспетчерлік қызметтердің болуы
6.    Сұйытылған мұнай газын сату жөнінде мәліметтер беру
7.    Есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болуы
Газ таратушы ұйым
1.    Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныстың жіберілуі
2.    Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың соңғы бағасының белгіленген тәртіпте бекітілген деңгейінсақтау
3.    Тауар газын сату жөнінде мәліметтер беру
4.    Тауар газын тасымалдау жөнінде мәліметтер беру
5.    Есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болуы
6.    Апаттық-диспетчерлік қызметтердің болуы
Газ тасымалдаушы ұйым
1.    Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныстың жіберілуі
2.    Бірдей жалғастырушы, магистралдық газ құбырлары мен тауар газ қоймасын екі және одан да көп тасымалдаушы ұйымдардың пайдалануы

3.    Тауар газын тасымалдау мен сақтау жөнінде мәліметтер беру
4.    Есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болуы
5.    Апаттық-диспетчерлік қызметтердің болуы

Тексеру жүргізді _______________ ___________________ ___________
(лауазымы)                 (Аты-жөні)              (қолы)
М.О.

Талаптар бұзылған жағдайда ұйғарымның нөмірі мен жасалған мерзімі көрсетіледі
(№ _______ «__» __________ 20__ жыл)

Тексеру нәтижесімен таныстым
(келісемін/келіспеймін) __________________ ______________
(Аты-жөні)                     (қолы)
«__» ________________ 20__ жыл

Тексеру қорытындылары бойынша тексерілген субъект ________________ (субъектатауы)
тобына («+» таңбасымен белгілеу) ауыстырылады:

тәуекелдің жоғары дәрежесі     тәуекелдің орта дәрежесі    тәуекелдің болмашы дәрежесі

Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ __________ _________________________
(лауазымы)                     (қолы)     (Аты-жөні)
__________________________ __________ _________________________
(лауазымы)                     (қолы)     (Аты-жөні)

Орган басшысы:
__________________________ _____________________________

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 наурызда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7486 болып енгізілді.