Газ жарылған үй «гараж» есебінде салынған - Түймебаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев газдан жарылған тұрғын жайдың қалай салынғанын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Шымкент қаласында қаңтардың 8-күні таңғы сағат 4:00-де барак типтес тұрғын жайда газ қоспасы жарылған. Үйдің құжаттарында аталған нысан "гараж" деп көрсетілген. Жарылыс газ жүйесін дұрыс пайдаланбау салдарынан болған. Оған қоса, Иранда шығарылған жылыту пешінің рұқсат қағаздары да болмады", - деді Ж.Түймебаев.
Әкімнің айтуынша, жарылыстан зардап шеккен азаматтарға уақытша баспана беріледі. Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында 2040 көпқабатты үй, 218 мың жеке тұрғын үй бар. Алдағы уақытта барлық үй-жайларда газ және басқа да жылу құрылғыларын пайдаланудың техникалық қауіпсіздігі тексерілетін болады .