Газа секторына жаппай iPhone 17 жеткізіліп жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - Әбден қираған анклавқа соңғы үлгідегі смартфондардың жеткізілуі туралы хабар тұрғындар арасында дау тудырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

В Газу ввозят тысячи iPhone 17 — за гаджетами выстраиваются очереди
Фото: Anadolu

Израиль азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттарға бірнеше айлық шектеулерден кейін Газа секторына он мыңдаған iPhone 17 смартфондарын жаппай әкелуге рұқсат берді. Бұл туралы әмірліктердің The National басылымы хабарлады.

Көптеген отбасы әлі шатырларды паналап, азық-түлік тапшылығына тап болып жатқан тұста нарықтағы ең қымбат смартфон үлгілерінің жеткізілімі қоғамдық резонанс тудырды.

Басылымның хабарлауынша, Газаның орталық бөлігіндегі Нусейрат лагерінде шамамен 7000 шекел (шамамен 2200 доллар) тұратын смартфондарға ұзын-сонар кезек пайда болды. Дүкендердің бірінің иесі Мұхаммед Закул сұраныс өте жоғары екенін айтты.

- Әр жеткізілімде 10 мыңнан астам, кейде одан да көп телефон бар. Мұндай жеткізілім он шақты рет болды, - деді ол.

Анклав тұрғындары азық-түлік, дәрі-дәрмек және құрылыс материалдарының тапшылығы кезінде жоғары технологиялық құрылғылардың қалай еркін кіріп жатқанына таң қалып отыр.

Сатып алушылардың кейбірі - қоғамдық белсенділер, кәсіпкерлер, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері немесе соғыспен байланысты қызметтерден табыс тапқан адамдар.

Дейр эль-Балах қаласында екі апалы-сіңлі Рагад пен Тала азық-түлік саудасымен айналысатын әкелері iPhone телефондарын алып бергенін айтты.

Сыйлықтардың құны 4500 доллардан асты.

Журналист әрі зерттеуші Хамза аш-Шобаки смартфондардың жаппай жеткізілуін алаңдатарлық жайт деп санайды.

- Израиль дәрі-дәрмек, шатырлар мен азық-түлік импортына тыйым салып, бірақ он мыңдаған заманауи смартфондарға рұқсат бергені қалай? Бұл логикаға сыймайды, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл саясат Израильдің белсенділерді, қоғамдастық көшбасшыларын және тұрғындардың байланысын бақылауды күшейту саясатымен байланысты болуы мүмкін.

Оның айтуынша, Газа секторындағы дүкен iPhone 17 Pro Max смартфондарына толы, ал негізгі қажетті тауарлар тапшы.

Аш-Шобаки мұны бақылау стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастыруға болады деп санайды.

Осыған дейін Газадағы гуманитарлық көмек қоры жұмысын тоқтатқанын жариялағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар