Газа секторында 51 355 адам құрбан болды

АСТАНА. KAZINFORM – Тек соңғы тәулікте 50 адам эксклавтағы Израиль шабуылдарының құрбаны болды. Бұл туралы Анадолы хабарлады. 

Газа секторындағы құрбандар саны 51 355-ке жетті
Фото: Анадолы

2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 51 355 адамға жетті. Тек соңғы тәуліктің өзінде анклавта 50 адам Израиль шабуылдарының құрбаны болды.

Бұл туралы Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылды. Онда анклавтағы үздіксіз Израиль шабуылдары салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы соңғы мәліметтер келтірілген.

Соңғы 24 сағат ішінде қаза тапқан 50 палестиналықтың және жараланған 152 адамның денесі өңірдегі ауруханаларға жеткізілгені айтылды.

2024 жылғы 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімді 18 наурызда бұзғаннан кейін Израиль армиясы жасаған шабуылдардан қаза тапқандар саны 1978-ге, жараланғандар саны 5 207-ге жеткен.

2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан жалпы 51 355 палестиналық қаза тауып, 117 248 адам жарақат алған.

Қираған ғимараттардың үйінділерінің астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті жатқаны айтылуда.

Айта кетелік Израиль Газа секторында ұсталған 12 палестиндікті босатты

Соңғы жаңалықтар