Газа секторында қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі соғыс кезінде қаза тапқандар туралы жаңа деректі жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC жаңалықтарына сілтеме жасап. 

палестина
Фото: Anadolu Ajansi

Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан 7 қазаннан бері 9488 адамның өмірі қиылған. 

Қаза тапқандар арасында кем дегенде 3900 бала бар.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі — Палестина анклавында қаза болғандар мен жараланғандар саны жайлы дерек тарататын жалғыз ақпарат көзі.

Өзге ұйымдардың бұл мәліметті тәуелсіз тексеруге мүмкіндігі жоқ.