Газа секторындағы сұмдық біздің көз алдымызда болып жатыр - БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы жақын күндерде Газада болуы мүмкін жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Дүниежүзілік ұйымның бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Газа секторы
Фото: aa.com.tr

Kazinform агенттігі бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Газадағы гуманитарлық апат біздің көз алдымызда болып жатыр. Жағдай өте ауыр. Біз алдағы бірнеше күнде не болатынына қатты алаңдап отырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш демалыс күндері Палестина эксклавындағы жағдайға байланысты қарқынды келіссөздер жүргізді.

Дюжаррик БҰҰ-ның Газа секторында гуманитарлық атысты тоқтату туралы үндеуін қайталады.