Газа секторын қалпына келтіру үшін 5,4 млрд.доллар бөлінбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери іс қимылдардан зардап шеккен Газа секторындағы инфраструктураны қалпына келтіру үшін донор мемлекеттер 5,4 млрд. доллар бөлмек, деп хабарлады ВВС.
На восстановление инфраструктуры сектора Газа, пострадавшей в ходе недавних боевых действий, страны-доноры намерены выделить 5,4 млрд долларов.
Мысыр астанасы Каир қаласында өткен халықаралық конференцияда Норвегия Сыртқы істер министрі Газа билігі сұраған 4 млрд. доллардан асырып беретінін айтты. Ал, Қатар 1 млрд. доллар, Кувейт пен БАӘ 200 млн.доллардан аударатын болды. Еуропалық одақ 450 млн. еуро (568 млн.доллар), АҚШ 2012 млн.доллар бөлмек. Газа секторына Израиль әскері басып кіріп, 100 мыңға жуық палестиналықтардың үйін қиратып, құрылым инфраструктурасын талқандап кетті.