Газа секторынан Қазақстан азаматтарын көшіру шарасы жалғасуда

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Газа секторынан көшірілген Қазақстанның төрт әйел азаматы 12 баламен бүгін, жұма күні таңертең Алматыға Ыстамбұл рейсімен келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық азаматтарды көшіру маршруты Газа секторынан Мысырдың «Рафах» бақылау-өткізу бекеті арқылы өтті. Эвакуация қаңтардың 19-ынан 20-сына қараған түні басталып, олар әрі қарай Каирдан Ыстамбұлға ұшып шықты, содан соң Ыстамбұлдан Алматыға ұшып келді. Жол бойы оларға қазақстандық дипломаттар бірге еріп жүрді, олардың денсаулық жағдайын қадағалады, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырды. Қаңтар айының бас кезінде Газадан республиканың тағы екі әйел азаматы балаларымен көшірілген болатын.
Соңғы жаңалықтар