Газада 17 мың бала ата-анасыз қалды - ЮНИСЕФ

АСТАНА. KAZINFORM - Газа секторында 17 000-ға жуық бала бағушысынан немесе отбасынан айырылған. Бұл туралы 2 ақпанда Женевада өткен брифингте ЮНИСЕФ-тің Палестинамен байланыс жөніндегі директоры Джонатан Крикс мәлімдеді.

палестина
Фото: TRT Haber

"Әр баланың жүректі елжірететін өз оқиғасы бар", - дейді ол.

Крикс өткен аптада Газа секторына жасаған сапарын еске алып, отбасылардың азық-түлік, су немесе баспана жетіспейтіндіктен қиын жағдайда қалғанын атап өтті.

«Отбасылар мен балалар негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін күресуде», – деді ол.

Директордың айтуынша, Газадағы оқиғалар балалардың психикалық денсаулығына қатты әсер еткен.

«Желтоқсан айында біз анклавтағы 500 мың бала психологиялық көмекке мұқтаж деп айтқан болатынбыз. Қазір анклавтағы балалардың барлығы ауыр хәлді бастан кешуде. Бұл жағдай балалардың бомба гүрсілін естіген сайын қатты қобалжуынан, тәбетінің төмендеуінен, ұйқысыздықтан, эмоционалды күйзелістер мен дүрбелеңді сезінуден болып отыр», – дейді Джонатан Крикс.

Соңғы жаңалықтар