Газада бір күнде 37 адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан қаза тапқандар саны 44 466-ға жетті, деп хабарлады Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі, деп жазады Анадолы.

Газа
Фото:Анадолы

Аталған агенттіктің хабарлауынша, соңғы 24 сағатта Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында жасаған төрт «қырғында» 37 адам қаза тапты. Сонымен қатар Палестинаның 108 тұрғыны зардап шекті.

Айта кетсек, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторында жасаған геноцидінің салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 44 466-ға, жараланғандар саны 105 358-ге жетті, деп қосты Денсаулық сақтау министрлігі.

Қаза тапқандардың мәйіттері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль әскерилері туындаған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды, деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетейік, БҰҰ агенттігі Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтатты.

Израиль министрі еврейлерді Газаға қоныстандыруға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар