Газадағы атысты тоқтату. Израиль делегациясы Қатарға барды
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль делегациясы Газа секторында кепілге алынғандарды босату және атысты тоқтату туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізеді.
Бұл туралы Kazinform агенттігі The Times of Israel-ға сілтеме жасап хабарлайды.
The Times of Israel ақпарат көзінің хабарлауынша, Израиль делегациясының құрамында ЦАХАЛ, ШАБАК және Моссад өкілдері бар.
Бұған дейін Kan телеарнасы Израиль мен ХАМАС қазіргі уақытта тараптар талқылап жатқан келісімнің гуманитарлық кезеңі аясында кепілге алынғандарды біртіндеп босату туралы келісімге келгенін хабарлаған.
Делдалдардың пікірінше, кепілге алынғандарды босатумен шектелген мәмілеге қол жеткізу ақыр соңында барлық кепілге алынғандарды босату, соғысты тоқтату және Израиль әскерлерін шығаруды қамтитын толық келісімге әкелуі мүмкін.
Қатар бұған дейін Израиль мен ХАМАС арасындағы делдалдықты тоқтатты.
Айта кетейік, Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылынан 46 палестиналық қаза тапқаны хабарланды.