Газадағы емханаға жасалған шабуылдан дәрігерлер қаза тапты

ХАМАС
Фото: BBC

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әуе күштерінің Газаға шабуылы кезінде екі адам қайтыс болды. Палестиналық WAFA агенттігінің хабарлауынша, Израиль әуе күштерінің Газа қаласының орталығында орналасқан Аль-Дарадж емханасына жасаған соққысы кезінде кемінде екі жедел жәрдем қызметкері қаза тауып, тағы бір адам жараланған.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылы салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 37 372-ге өсті. Бұл туралы Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылы салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 37 372-ге өсті. Бұл туралы Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram