Газадағы құрбандар саны 31 272-ге жетті

АСТАНА. Kazinform – Кейінгі 24 сағаттың ішінде 88 палестиналық Израиль шабуылының құрбаны болып, тағы 135 адам жарақат алған. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды. 

палестина
Фото: TRT Haber

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудраның мәлімдеуінше, 2023 жылдың 7 қазанынан бері блокададағы Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 272-ге жеткен. 

- Кейінгі 24 сағаттың ішінде 88 палестиналық израильдік шабуылдың құрбаны болды, тағы 135 адам жарақат алды, - деді әл-Кудра.

Палестинаның ресми өкілі 7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан жараланғандардың жалпы саны 73 024-ке жеткенін, қаза тапқан палестиналықтардың 72 пайызын әйелдер мен балалар құрайтынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар