Газадағы құрбандар саны 36 мыңнан асты
АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан шабуылы нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 654-ке жетіп, 83 309-ы жарақат алды.
Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылды, деп жазады Anadolu.
Министрліктің мәліметінше, соңғы тәулікте анклавтың тағы 68 азаматы қаза тауып, 235-і жарақат алған.
Хабарда қаза тапқандардың денелерінің әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.