Газадағы соғыс тағы екі айға созылуы мүмкін – Израиль қорғаныс министрі

Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант брифинг кезінде Газа секторындағы соғыс тағы екі айға созылатынын айтты. Kazinform бұл туралы ABC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

израиль
Фото: Shutterstock

Оның сөзінше, белсенді соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін лаңкестік қарсылық таныту ошақтарын «тазалауға» тағы бірнеше ай қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ Йоав Галлант Израиль Палестина халқына қарсы соғысып жатпағанын атап өтті.

ХАМАС қозғалысы басқаратын Газа денсаулық сақтау министрлігі 17 мың адам, оның ішінде балалар да қаза тапқанын мәлім етті. Газаның оңтүстігіндегі, қазіргі уақытта сектордың осы бөлігіндегі ірі қала Хан-Юнисте болып жатқан Израильдің әскери операциясы онсыз да күрделі гуманитарлық жағдайды ушықтырып жіберді.

Израиль үкіметі гуманитарлық коллапс пен эпидемия тарап кетуін болдырмас үшін Газа секторына минимал деңгейде отын жеткізуге рұқсат берді.