Газадан тұтқындардың бесінші тобын босату басталды

газа
Фото: euronews

Газа секторында палестиналық ХАМАС тобы Қызыл крест халықаралық комитетінің (ХҚКК) өкілдеріне тұтқынға алынған адамдардың бесінші легін тапсыру процесін бастады. Бұл туралы «Аль-Кахира аль-Ихбария» телеарнасына сілтеме жасап ТАСС жазды, деп хабарлайды Кazinform

Телеарнаның мәліметінше, бұл – гуманитарлық бітім туралы келісім күшіне енгелі бергі бостандыққа жіберіліп жатқан тұтқындардың бесінші тобы. Бұл жолы 10 адамды еркіне қоя беру жоспарланған.

Мысыр мен Катардың араласуынан кейін израильдік күштер мен палестиналық қарсыласу жасақтарының Газа секторындағы уақытша бітім туралы келісімін тағы екі күнге созуға мүмкін болды. Келісім мерзімі өткен күні аяқталуы тиіс еді.

Осыдан біршама уақыт бұрын ХАМАС палестиналық қозғалысының әскери қанаты – «Иззэддина аль-Кассама бригадасының» өкілі Абу Убайда мәлімдеме жасап, «қарсыластар бітім келісімін ұстанатын болса», олар да соған бейілді екенін атап өтті. Онымен қоса, ол арағайын өкілдерін Израильге қысып жасап, «ауадағы және жердегі бітім туралы келісімнің барлық шарттарын ұстануға» шақыруға үндеді.

Жоспар бойынша, тұтқындар бұған дейінгі мәмілеге сәйкес босатылады, яғни еркіндікке жіберілген әрбір израильдік үшін – үш палестиналық тұтқын.

Айта кетейік, 22 қарашада Израиль мен ХАМАС тұтқындарды босатуға, соғысты уақытша тоқтатуға келіскенін жаздық.

Төрткүндік гуманитарлық үзіліс туралы бітім 24 қараша күні күшіне енді.

Еске салайық, палестиналық ХАМАС тобы 7 қазан күні Израильге шабуыл жасап, музыкалық фестиваль өтіп жатқан жерден көптеген адамды күштеп әкеткен болатын. Тұтқынға алынғандар арасында Қытай мен Таиланд азаматтары да бар екені айтылды.

Тұтқындардың алғашқы легі 24 қарашада босатыла бастады. Олар Таиландтың 12 азаматы екені айтылды.

Кейіннен ХАМАС тағы 13 израильдікті еркіне қоя берді. Оған жауап ретінде Израиль 39 палестиналық тұтқынды жіберді. Сонымен қатар Таиландтың тағы төрт азаматы босатылды.

Бүгін ХАМАС Қызыл Крестке израильдік тұтқындардың үшінші тобын тапсырғаны мәлім етілді.

Жалпы, палестиналық топ қамауға алынған 240-қа жуық тұтқынның 73-ін босатқаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар