Газбен жүретін көліктерге белгі салу талабы: Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

1 қаңтардан бастап еліміздегі газбен жүретін көліктер "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш белгісімен таңбалануға міндеттеледі, деп хабарлайды polisia.kz сайты. 

Устанавливать спецзнак на авто с газобаллонным оборудованием обязали в Казахстане
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

"1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары” ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді.

Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс" делінген хабарламада.

Белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осылайша тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда газ баллонымен жүретін автомобильдер арнайы белгі орнатуға міндетті болатынын жазған едік

Сондай-ақ, ондай арнайы белгі енді газбен жүретін көліктермен қатар электромобильдерге де қойылады