Газдалған сусын семіртіп қана қоймай, адам ағзасын қартайтады - Ғылыми зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген зерттеу нәтижелері бойынша, газдалған сусынның семіздік ауруына шалдықтыратыны анықталған. Енді газдалған сусындар адам ағзасын тоздырып, жасушалардың қартаюын жылдамдататыны белгілі болды, деп жазады Meddaily.

Газдалған сусын семіртіп қана қоймай, адам ағзасын қартайтады - Ғылыми зерттеу

Денсаулық саласындағы сайттың хабарлауынша, адамның ұзақ өмір сүруі жасушалардағы хромосомалардың соңында орналасқан телометрлердің ұзындығына байланысты. Калифорния Университетінің зерттеушілері жүрек-қан тамырлары аурулары мен диабетке шалдықпаған 20 мен 65 жас аралығындағы 5309 адамның сол телометрін өлшеген. Зерттеу барысында газдалған сусынды көп пайдаланған адамдардың телометрлері қысқа болып шыққан. Күн сайын 0,5 литр газдалған сусындарды тұтыну жасушылардың жасына 1,6 жылдан қосқан. Бұл темекі шегетін ағзаға ұқсас. Ал үнемі жаттығу жасау адам өмірін шамамен сонша мөлшерге ұзартады екен. Мамандардың айтуынша, қысқа телометрлер диабеттің, обырдың кейбір түрлері мен жүрек-қан тамырлары ауруларының өршіп кетуіне себеп болады.