Газдың 1 литрі АИ-92 бензині бағасының 70 пайызын құрауы қажет – Энергетика министрлігі

газ бағасы
Фото: Kazinform

Газдың 1 литрі АИ-92 бензині бағасының 70 пайызын құрауы қажет. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты деп хабарлайды Kazinform.

«Елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өте төмен. Дүниежүзілік стандартқа сәйкес, сұйытылған мұнай газының бағасы АИ-92 бензинінен 30 пайызға төмен болуы тиіс. Мәселен, АИ-92 бензинінің 1 литрі 200 теңге болса, онда сұйытылған мұнай газының 1 литрі соның 70 пайызын құрауы қажет», - деді вице-министр БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Оның атап өтуінше, келер жылдың басында газдың 1 литрі 5 теңгеге көтеріліп, күзге қарай тағы да қымбаттайтын болады.

«Егер сұйытылған мұнай газының бағасы дүниежүзілік стандартқа сай болса, онда газ өндірушілер табыс табуға шығады», - деді Әлібек Жамауов.

Вице-министрдің дерегінше, республикада ай сайын 130-135 мың тонна газ өндірілсе, тұтыну көлемі 140-145 мыңды құрайды. Тапшылық 10-15 мың тонна көлемінде тіркеледі.

Соңғы жаңалықтар