Газдың жарылуы салдарынан әйел мен үш жасар бала зардап шекті
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде газ бен ауа қосындысының жарылысы болды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, жарылыстың арты өртке ұласпағанымен, оның салдарынан 35 жастағы әйел мен үш жасар сәби түрлі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.