«Газель» жүргізушісі Қазақстан аумағына кіру үшін шекарашыны қағып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Газель» жүргізушісі Ресей-Қазақстан шекарасын бұзып кіру үшін аймақтық шекаралық басқарманың қызметкерін қағып кеткен, деп хабарлайды punkt-a.info.
Атырау облысы Красноярск ауданындағы Қиғаш өзенінің үстіндегі шекаралық көпірде астрахандық көлік жүргізушісі машинаны тоқтатуды талап еткен шекарашыны қағып өте шыққан. Алдымен тәртіп бұзушы құжатын көрсетуден бас тартқан, кейін көлікті оталдырып, жүріп кеткен. Бірақ шекарашылар оны жылдам тоқтатып, жүргізушіні ұстаған.
Қазіргі кезде оның ісі құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасау фактісі бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін Ресей Тергеу комитетінің Астрахань облыстық тергеу басқармасына берілген.