«Ғажайып Бурабай» байқауында «ҚазАқпарат» тілшілері үздік атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Аqmola Tourism Awards» сыйлығы және БАҚ өкілдері арасындағы «Ғажайып Бурабай» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БАҚ арасында өткен «Ғажайып Бурабай» байқауының жеңімпаздары «Үздік телебағдарлама», «Басылымдағы үздік мақала», «Үздік радиобағдарлама» және «Үздік интернет-жарияланым» аталымдары мен жүлделі 3 орын және көрермен көзайымы сыйлығымен марапатталды.

«Ақмола облысында туризмнің дамуына зор көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысы біздерге үлкен міндеттер артып отыр. Біз осы мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді салуға салуға тырысамыз. Бұған біздерге туристік бизнес пен БАҚ қолдау білдіруде. Сіздердің арқаларыңызда өңірімізге жыл сайын көптеген туристер келіп, сапалы қызмет ұынылуда», - деп атап өтті аймақ басшысы Мәлік Мырзалин.

«Үздік интернет жарияланым» аталымы бойынша ҚазАқпарат тілшілері Оксана Матасова мен Дамир Байманов жүлделі орын алды.

Сонымен қатар, шарада бірінші өңіраралық «Аqmola Tourism Awards» сыйлығының иегерлері, ең үздік туристік компания, жайғастыру нысандары, шипажай-курортты мекеме, туристтік кешен, гидтер-экскурсоводтар марапатталды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум