«Газпром» «Қырғызгаз» акцияларының 100 пайызын сатып алды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 10 сәуірде Бішкекте «ҚырғызгазПром» мен Ресейдің «Газпром» ААҚ арасында жарғылық капиталда акцияларының 100 пайызын сатып алу-сату келісіміне қол қойылды.
Келісім «Ала-Арша» мемлекеттік резиденциясында «Газпром» басқарма басшысы Алексей Миллер мен «Қырғызгаз» ААҚ бас директоры Тұрғынбек Құлмырзаев арасында жасалды.
Аталған келісімшартқа 2013 жылы Мәскеуде екі елдің энергетика министрлерінің арасындағы «Қырғызстан мен Ресей үкіметтері арасындағы ҚР аумағында табиғи газды тасымалдау, тарату және жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық келісіміне» сәйкес қол қойылды. Келісім ұлттық парламенттермен бекітіліп, 2014 жылдың 17 ақпанында күшіне енді.
«Газпром» АҚ Қырғызстанда тұтынушыларға газды тұрақты және үздіксіз жеткізіп тұруға міндеттеніп отыр, деп мәлімдеді Бішкекте Алексей Миллер. Ол Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі барысында компанияның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері талқыланғанын айтты.