«Газпром» тікұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Ресейдің Волгоград облысында «Газпромавиа» компаниясына қарасты Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақта экипаждың үш мүшесі мен "ЛУКОЙЛ-Волгоградмұнайгаз" компаниясының бес қызметкері, оның ішінде компания директорының орынбасары да болған, олар жұмыс мәселелерімен Котовоға бара жатқан.
«Росавианавигацияның» мәліметтері бойынша, апат салдарынан алты адам қаза тапқан. Тағы екі адамның тағдыры әзірге белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Тікұшақ радардан мәскеу уақыты бойынша сағат 10.20-да - Волгоградтан ұшып шыққан соң, екі сағаттан кейін жоғалып кеткен. Волгоград облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Илона Егорованың хабарлауынша, Ми-8 тікұшағы Котоводан 20 шақырым жердегі Моисеево селосының маңына құлаған. Оқиға орнында қазір құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Апаттың себебі анықталуда.