«Газпроммұнай-Қазақстан» жанармай құю стансалары желісінде бензин бағасы төмендетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-31 желтоқсан аралығында «Газпроммұнай-Қазақстан» ЖҚС желісі Қазақстанда мұнай өнімдерінің АИ-80 маркалы бензин түрінен басқа барлық түрлеріне бағаны 3 теңгеге төмендетеді, делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

«Газпроммұнай-Қазақстан» жанармай құю стансалары желісінде бензин бағасы төмендетілді

«Осы кезеңде жоғары сапалы жанар-жағармайды мынадай бағалар бойынша сатып алуға болады: АИ-92 - 112 теңге/литр; АИ-95 - 157 теңге/литр; G-Drive - 164 теңге/литр; АИ-98 - 167 теңге/литр; жазғы дизельді отын 104 теңге/литр; қысқы дизельді отын 162 теңге/литр», - делінген хабарламада.