Гемодиализге арналған ерітінді жеткізу құны 12%-ға төмендеді - «СҚ-Фармация»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауруханаларға тегін дәрі-дәрмекті жеткізу үшін медициналық отандық өндірістен талап етілетін гемодиализге арналған концентрацияланған ерітіндіні жеткізу құны 12% - ға төмендеді. Бұл туралы «СҚ-Фармация» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады,
None
None

Бірыңғай дистрибьютор арқылы жеткізу үшін 1 тамыздан бастап бағаны төмендету жөніндегі шешімді қазақстандық «BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») өнеркәсібі қабылдады.

«BIRUNIFARM» бас директоры Әділбек Жабағиновтың айтуынша, жыл сайын Бірыңғай дистрибьютор арқылы гемодиализге арналған ерітіндіні сатып алу қазақстандық науқастар үшін қымбаттап барады. «Әрине, кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс отандық өндірісті дамыту үшін ең күшті оң әсерін тигізетін фактор, ол бізге шетелдік өндірістер нарығында бәсекеге қабілеттілікте төзімділік танытуға көмектеседі. Ал Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу көлемінің өсуі арқасында біз тіпті бұл өнімге бағаны 12% -дан артық төмендете алдық», - деп атап өтті Әділбек Жабағинов.

«Бұл ретте компания өнімі үнемі қауіпсіздігі мен сапасын бағалаудан өтіп тұрады және әрқашан барлық нормативтік стандарттарға сай келеді», - деп атап өтті Әділбек Жабағинов.

Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар сатып алу бойынша «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, мұндай бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі, яғни сатып алу бағасының төмендеуі отандық өндірушінің өз бастамасы бойынша жүруі жиі өткізілмейді. Өнім құнының төмендеуінен үнемделген бұл қаражат аурухана бюджетінде қалып, кейін қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға қайта бөліну мүмкіндігін атап өткен жөн. «Өнім беруші тарапынан мұндай қадам - ауруханалар үшін тегін емделіп шыққан науқастардың санын көбейтуге мүмкіндік. Олардың ісі басқа компанияларға да үлгі болады деп үміттенемін», - деп қосты Максим Касаткин.

Айта кетерлігі, «BIRUNIFARM» бірыңғай дистрибьютормен 7 жыл бойы медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарты шеңберінде ынтымақтастықта. Мұндай шарттар бірнеше жыл бойы отандық фармацевтикалық өндірушілерді мемлекеттік тапсырыспен, яғни олардың өнімдері үшін кепілдендірілген өткізу нарығымен қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде өз өндірісін сенімді түрде жоспарлап қана қоймай, салаға елеулі инвестициялар тарту мүмкіндігін береді.

Соңғы жаңалықтар